Сандықты адамдар не үшін қолданған?

tkalichzhenya tkalichzhenya    2   30.11.2021 09:18    4

Ответы
katyan1va katyan1va  30.11.2021 09:20

Сандық — киім-кешек, тағы басқа да заттарды салуға арналған, ағаштан жасалған бұйым. Сандық — халықтар тұрмысында ерте кездей пайдаланылып келе жатқан ең ежелгі жиһаздың бірі. Көшпенді халықтар үшін ол өте-мөте қолайлы болған. Сандықтың аузына көбінесе ішкі құлып, кейде аспа құлып орнатылады. Сандықты жерге қойғанда түбі дым тартпау үшін, оның астыңғы төрт бұрышымен үйлестіре тақтайдан бұрыштан аяқ орнатады. Сандықтың беті әр түрлі бояумен сырланып, өрнектеледі не айшықты қаңылтырмен, кейде өрнекті сүйекпен қапталады. Сандықтың екі бүйіріне тұтқа орнатылады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi