Сан есімдер мен болымды, болымсыз етістіктерді қолдана отырып, әлемдегі ірі кітапханалар туралы сипаттап жазыңыз (60-80 сөз).

ГолубьДеревенский ГолубьДеревенский    2   25.12.2021 14:11    1

Ответы
ulia115 ulia115  25.12.2021 14:20
,

Болымды болымсыз етістіктерді колдана отырып , ұлттық кітапхана туралы эссе жаз (60-80 сөз)

1

СМОТРЕТЬ ОТВЕТ

Войди чтобы добавить комментарий

Реклама

ответ

5,0/5

1

author_link

lalanbniii

хорошист

16 ответов

1.5 тыс. пользователей, получивших

Ұлттық Кітапхана — мемлекет қарауындағы арнайы кітапханалар. Ол мемлекеттік кітаптар қоры ретінде, әрі көпшілік халыққа өз қорын қол жетімді ету мақсатын іске асырады. Көп жағдайда бұл кітапханалар өте бағалы, сирек кездесетін кітаптарды сақтайды. Басқа кітапханаларға қарағанды ұлттық кітапханалар ауқымды, кең көлемді Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы - 1910 жылы 31 желтоқсанда құрылды. Ағарту саласы жанашырлары Қоғамының қаражаттарына Верный қалалық думасы Л.Н. Толстой атындағы кітапхана-оқу залын ашу туралы шешім шығарды.

Кітапхана ҚазОАК Президиумының «Қазақ АКСР мемлекеттік көпшілік кітапханасын бекіту туралы» (1931 ж.) Қаулысымен 1931 жылы Республикалық кітап қоймасы мәртебесін алды. Қазақ КСР Министрлер кабинетінің 1991 жылы 9 желтоқсандағы N775 Қаулысы бойынша Ұлттық кітапхана болып аталды.

ҚР ҰҚ ғимараты Қазақ Министрлер Кеңесінің 1982 жылы 26 қаңтардағы N38 Қаулысының және ҚР «Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен пайдалану туралы» Заңының 11 және 19 баптарының негізінде тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді.

Кітапхана қорында әлем халықтарының әр тілдерінде 5 831 812 сақтау бірлігін құрайтын әмбебап жалпыұлттық әдебиеттер жинағы сақталады. Қор жыл сайын 100 мың данаға толықтырылып отырады. Күн сайын кітапханаға 3 мыңға жуық оқырман қатынайды. Оқырмандарға 1 жылда 2 миллионнан аса құжат беріледі. Оқырмандарға 15 оқу залы қызмет көрсетеді (жалпы және 14 мамандандырылған). Олар 1500 адамға бір мезгілде қатар қызмет көрсетуге есептелген.[1]

Оқу залдарында негізгі кітап сақтау және қосалқы қорлардан әдебиет беріледі, соның ішінде сирек кітаптар мен қолжазбалар, карталар, ноталар, дыбыс жазбалары, электронды басылымдар топтамалары да бар..

1990 жылы ҚР ҰК Халықаралық кітапхана қауымдастықтары мен мекемелері Федерациясының құрамына кірді. (ИФЛА) және Еуразия кітапхана ассамблеясының (ЕКА) тең құрылтайшысы болды. Толеранттылық, білім, диалогқа ашықтық «Ұлы Жібек жолындағы Керуен-сарай» жобасының негіз қалаушы идеялары болып табылады. ҚР ҰК-ғы шетелдердің мәдениет Орталықтары ақпаратты сақтауға, күшейту мен беруге, мәдени дәстүрлердің жаңғыруы мен халықтардың нақты өзара ықпалдастығына жәрдемдеседі және өздерінің қызметі арқылы «Ұлы Жібек жолындағы Керуен-сарай» бағдарламасын іске асырады. ҚР Ұлттық кітапханасында Ресейлік зерттеулер, Қытай, Пәкістан, Түркия мәдениет Орталықтары, Үндістанды зерделеу, Иран және Орталық Азия халықтарының мәдениетін зерделеу Орталықтары жұмыс істейді. Оқырмандарға әдебиет, Интернет-ресурстар, CD және DVD-материалдар, кітап және өнер туындыларының көрмелері, мәдениет және ғылыми қайраткерлерімен кездесулер арқылы түрлі халықтардың мәдениеті туралы ақпарат беріледі. 2007 жылы Америка мәдениет Орталығын ашу жоспарланды. Тепе-тең бастамаларда Қытай кітапханаларының бірінде Қазақстан мәдениет Орталығы ашылады. Осындай Орталықты Қырғызстан Ұлттық кітапханасында (Бішкек) және Ресей мемлекеттік кітапханасында Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан ресурстары Орталығын ашу ұйғарылды (Мәскеу)

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi