Сан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Ежелгі көшпелілер мәдениеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаты: ТБ 3 - сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, орынды қолдану А4. Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру. Т2.Оқыған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау Оқылым Мәтінді мұқият түсініп оқы. Ұлы Жібек жолы – біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырдан бастап ХVІ ғасырға дейін қолданылған сауда жолы. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана дами бастаған. Қытайдың атақты жібегі осы жолмен тасымалданған. Соның құрметіне ол Жібек жолы деп аталған. Бұл жол Қытайдың орталығынан басталған. Ол қазақтың кең даласындағы ірі сауда орталықтарын басып өтіп, Самарқанд, Бағдад қалалары арқылы Жерорта теңізіне дейін созылып жатты. Оның жалпы ұзындығы 7 мың шақырымға жетті. Жібек жолы әртүрлі елдердің арасында экономикалық және мәдени қарым- қатынастардың дамуына ықпал етті. Мысалы, ертедегі Тараз қаласында мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім- кешек пен ер-тұрмандар сатылған. Ал Отырар қаласында саудамен қатар үлкен кітапханалар салынып, мәдениет пен білім және ғылым салалары өте жоғары дамыды. Қазақстанды Алтай, Моңғолия, Ресей, Орта Азия, Шығыс елдерімен байланыстырған. Қазір осы Жібек жолы өтетін елдер мен қалалар арасында сауда байланыстары қайта қалпына келтірілуде. Қазақстан Республикасы Жібек жолының дамуына көп үлес қосуда. Жібек жолы нарық экономикасы үшін бірден-бір сауда көзі болып табылады. (151 сөз) 1-тапсырма Берілген сандарды жазып, көп нүктенің тиісті сөздерді қойып жазыңдар. ІІ ХVІ ... 7000 ...
2-тапсырма. Мазмұн бойынша шағын жоспар құрыңдар. Кіріспе бөлім Негізгі бөлім Қорытынды бөлім
3-тапсырма. Мына сөздердің синонимін жаз. Дәуіріміздегі – Атақты – Қала –
4-тапсырма. Мына сөздердің антонимдердін жаз. Кең – Ірі – Үлкен – Жоғары –
Заманауи балалар
Мақалалар 0 794 қаралған 2018-11-14
бірінші мәтінге осы келеді-ау
Бұрынғы заман мен қазіргі кездегі балаларды салыстырсақ, олардың мінездері, тәрбиесі, басқа да қылықтары бәрі мүлдем басқа, тіпті, «жер мен көктей» деп айтуға да болады. Мүмкін, бұрынғы кездері сәби балалар балабақшада емес, ауылда ата-әжесінің қолында тәрбиеленіп өскеннен бе, өзіміз, тіпті әке-шешенің әңгімесін бөлуге, әкенің бір көзқарасынан, мұғалімдердің көзінен қорқатынбыз. Енді қазіргі, яғни, ХХІ ғасырдың балаларын қарап отырсам, олардың қылықтары шектен шығып отырады. Мысалы, анама немесе әкеме айтамын деп, ұрысты деп сес көрсетіп, сөз қайтарады. Бірақ, қазіргі заманда ондайда, мүмкін. Негізі осы заманның балаларын, «ақыр заманның балалары» деп айтып жатамыз ғой. Бір олар жағымсыз қылықтар жасап жатса, «ақыр заманның балалары» деп тақырыпты жауып, мінезін, тәрбиесін түзетуге де тырыспаймыз.