Сал серілер не сазгерлердің бірі туралы мәлімет жинап таныстырылым жасаңдар​

amina352 amina352    2   08.12.2019 22:49    9

Ответы
dashavchinnik dashavchinnik  10.10.2020 19:27

Сал-серілік— қазақ халқы мәдениеті мен өнерінің жарқын белгісі, биік шыңы.

Ақындық, сазгерлік, әншілік, орындаушылық, адамгершілік, мәрттік, жомарттық, пәктік, зор абырой, тағы басқа ең ізгі қасеттердың бәрі осы мұрат тұтқандардың бойынан табылған. Сал мен сері деп аталатын екі тұлғаның бір-бірінен аз да болса ерекшеліктері бар. Сал дегеніміз — аса талантты, бір өзі бір театрдың қызметін атқаратын, ерекше әрі қымбат, әсем киінген, жүріс-тұрысы, іс-әрекеті мүлде бөлек, дүниесін, мал-жанын осы жолда аямайтын мәрт, жомарт жан. Оның киімдері кісі таңданарлықтай басқаша үлгіде тігіледі. Сән-салтанатты басқа, ер-тұрманы да сұлу әрі сымбатты, әшекейлі. Сал — халықтың еркесі, қызығы, думаны.Сері де — сал сияқты әнші, күйші, ақын, өнерпаз. Оның киім киісі сұлі да сыпайы. Осындай өнердің сыртында ол — сұлу сүйген, жүйрік баптап, құс салатын, әрі аңшы, саятшы, әрі мерген, әрі палуан, әрі шешен, әрі шебер, қысқасы, халық сөзімен айтқанда, "сегіз қырлы, бір сырлы" аса биік тұлғалы азамат. Мысалы, атақты Сегіз сері осындай жігіт болған.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi