"сагаттын ози уры " такырыбына эссе

тьпнли тьпнли    1   07.09.2019 14:40    14

Ответы
ALESHABELAVIN ALESHABELAVIN  06.10.2020 23:14

Эссе

Сағаттың өзі ұры.

Уақыт - адам өмірінің өлшенбес қазынасы.Әр адамға ол дүние есігін жаңа ашқаннан қайтыс болғанға дейін белгілі бір сағаттар беріледі.Уақыт адаммен санаспайды.Және ол жылдам жүреді.Босқа өткен сағаттарыңды ешқашан да қайтара алмайсың.Адамның барлық істері үшін күн, сағат, минут қажет. Барлығы уақытпен анықталады - жұмыс істеу қаншалықты, тынығудың қаншасы, достармен кездескенде және үй шаруасын істеу кезінде.Сағат сіздің өміріңізді біртіндеп ұрлай береді.Сондықтан да,оның әр минутын қастерлеп,уақытыңды пайдалы өткізе білген жөн.Қазақтың бас ақыны Абай:

Сағаттың өзі ұры шықылдаған,

Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.

Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,

Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман…,-деп айтқан еді.Шынында да,сағат ешқашан тұрақтамайды,сені күтіп тұрмайды.Мысалы,ауруханада адам ауыр халде.Оның тірі қалуы үшін аз ғана минуттар керек.Оны құтқарға үлгермесе,уақыт оның өмірін "ұрлап" кетеді.Сағат деген "ұрлықшыға" төтеп беру үшін әр күніңді игілікпен,жаңа істермен өткізген жөн.Бүгініңмен өмір сүр.

Уақытпен дос бол дегім келеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi