Сабақтың тақырыбы: Р. Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі Оқу мақсаты:

6.1.3.1 әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;

6.3.2.1 кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру.

Қосымша мәлімет. Авар - (авар. аварал, магIарулал) - негізінен Дағыстанда тұратын халық. Біразы Азербайжанның солтүстігін және шығыс Грузияны мекендейді. Чечня мен Қалмыкияда кездеседі. 2002 ж. мәліметімен Ресейде 999,8 мың адам, Азербайжанда (1999 ж) - 49,8 мың, Түркияда 2005 ж. мәліметімен 53 мыңнан астам аварлар бар. Тілі - авар тілі, кавказ тілдерінің дағыстан тобына жатады. Негізгі кәсібі - мал шаруашылығы, егіншілік, бау-бақша өсіру. Көптеген аварлар өнеркәсіп орындарында жұмыс істейді. Интеллигенцияың ұлттық кадрлары өсіп жетілді. Аварлар халқының әдебиеті мен өнері едәуір дамыған; әсіресе бейнелеу өнері өте бай келеді (ағаш ою, кесте тоқу, тас қашау, алтыннан әр түрлі заттар жасау жағы басым).Діні - суниттік мұсылмандар.

Дәптерге жазып алыңыз. Шығарманың композициялық жоспары:

1.Оқиғаның басталуы: Парижде дағыстандық суретшімен кездесуі.

2.Оқиғаның дамуы.

а)Суретшінің салған суреттерін көрсетуін өтінді.

б) «Елді аңсау»суреті.

3.Оқиғадағы шиеленіс:

а)Аварлардың көне аңыз желісі бойынша салынған суреті.

ә)Елге неге қайтқыңыз келмейді?

4.Оқиғаның шарықтау шегі:

а).Суретшінің туған-туысқандарымен,анасымен болған әңгіме.

ә).Сендер аварша сөйлестіңдер ме?

5.Шешімі: Менің ұлым баяғыда өліп қалған.

1-тапсырма. Баяндаушының немесе кейіпкердің іс-әрекетін, көзқарасын өз пікіріңмен түсіндіріңіз.

Үзінді Түсіндірме

...Жер жүзін талай шарлап, алыстағы бөтен елдердің жарқ-жұрқ еткен астаналарында да болыпты...

...менің ұлым баяғыда өліп қалған...

...Кезінде туған жерімнен жанып тұрған жас жүрегімді алып кетіп едім. Енді еліме тек қаудыраған қу сүйегімді қайтаруға хақым бар ма?

2- тапсырма. Суретшінің анасына суретшіні қорғап, дәлелді хат жазыңыз.

3-тапсырма. Автор бейнесін анықтап, оның туған тіл туралы айтқан ойын, авторлық фразеологизмдерді дәптерге теріп жазыңдар.


736Nikolay11111111 736Nikolay11111111    3   11.05.2021 14:41    7

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi