Сабақтың тақырыбы :Нобель сыйлығының лауреаты. Ережені еске түсіріндер. (А.Нобельдің өмірі мен еңбектері туралы):
Альфред Нобель 1833 жылы 21 қазанда Стокгольм қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Иммануэль Нобель орта қолды кәсіпкер болған. Өзі жұмысын жақсарту үшін 1837 жылы Ресейге Петербор қаласына көшіп келеді. Мұнда ол Механикалық шеберхана ашады, бес жылдан кейін шаруасы жақсы жүрген соң, жанұясын көшіріп әкеледі. Бұл кезде Альфред 9 жаста болатын, ол орыс тілін өте жақсы меңгеріп алады, сонымен қатар ол ағылшын, француз, неміс және итальян тілдерін жетік білген.
А.Нобельдің қызығушылығы әр алуан болатын. Ол электрохимия, оптика, биология, медицина салаларымен қатар автоматты тежелуді құрастыру және қауіпсіз бу қазандарын жасау, жасанды тері, жасанды резина жасаумен т.б. көптеген жұмыстармен айналысты. А.Нобель өз заманындағы ең сауатты адамдардың бірі болды. Нобель Швед ғылым академиясының, Лондон королдігі қоғамының және Париж азаматтық инженерлер қоғамының мүшесі болды.
Нобель сыйлықтары — жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі 1895 жылы құрылған және келесі бес бағыттың өкілдеріне сыйлық беруді қарастыратын Альфред Нобельдің өсиетнамасына сәйкес құрылған:әдебиет, физика, химия және медицина, физиология бүкіл әлемде бейбітшілік жасауға іс-әрекет Қазіргі уақытта Нобель сыйлығының шамасы 10 млн (шамамен 1,05 млн евро немесе 1,5 млн $) швед кронын құрайды. 1900 жылы Нобель қоры жасалды – бастапқы капиталы 31 млн швед кронынан тұратын дербес, тәуелсіз, мемлекеттік емес ұйым. 1969 жылдан бастап Швед банкінің ынтасымен экономика бойынша да сыйлық сыйланатын болды. Одан кейін Нобель қоры номинация санын арттырмауды шешті.
Жыл сайын адам іс-әрекетінің келесі салалар бойынша жеткен жетістіктері үшін Нобель сыйлығы беріледі: Физика –1901 жылдан бастап, Швеция Химия – 1901 жылдан бастап, Швеция Медицина және физиология – 1901 жылдан бастап, Швеция Экономика –1969 жылдан бастап, Швеция Әдебиет –1901 жылдан бастап, Швеция Әлемді қорғау – 1901 жылдан бастап.
Тапсырма. Мәтінді оқып, ауызша аудар. Хронологиялық кесте жаса.Прочитай текст, переведи устно. Составь хронологическую таблицу