Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Сабақтың мақсаты: етістікке жіктік жалғауларын дұрыс жалғауға дағдылану. Сын есімдерді тұлғасына, құрамына, мағынасына қарай дұрыс ажырата білу.
Тапсырмалар:
1-тапсырма. Үлгі бойынша «мультфильм көру» тіркесін үш жақта жекеше, көпше жікте, жіктік жалғауларын көрсет.
Үлгі (образец):
Жекеше(ед.ч.) Көпше (мн. ч.)
1. Мен сайыс өткіземін 1. Біз сайыс өткіземіз
2. Сен сайыс өткізесің 2. Сендер сайыс өткізесіңдер
Сіз сайыс өткізесіз Сіздер сайыс өткізесіздер
3. Ол сайыс өткізеді. 3. Олар сайыс өткізеді
2- тапсырма. Оқулықтың 27-бетіндегі ережені қайтала. Үлгі бойынша төмендегі сын есімдерді тұлғасына, құрамына, мағынасына қарай талда.
Сын есімдер: төзімді, көңілді, ашулы, күшті, қорқақ.
Үлгі: төзімді- төзім- түбір, -ді- сын есім тудыратын жұрнақ. Туынды (производ), дара, қатыстық сын есім.