Сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары 1-тапсырма. Мәтіннен алынған үзіндіні орысшаға аударыңыз.
Облыстың аумағында газдың және газдық конденсаттың, мұнайдың, боратты қазбалардың, жанғыш сланцтардың, калий-магний тұздары, цемент шикізатының, керамзит батпағының, құрылыс және аллювиалдік құм кеніштері бар. Бұл қорлар оларды өнеркәсіптік өңдеуге және ұзақ мерзімді пайдалануға мүмкіндік береді.
2-тапсырма. Лекция арқылы мына сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Батыс Қазақстан облысы қай жылы құрылды?
2. Батыс Қазақстан облысының географиялық жағдайы қандай?
3. Шығыс Қазақстан облысында полиметалл кені қай ғасырдан бастап өндірілуде?
4. Шығыс Қазақстан облысы қай мемлекеттермен шектеседі?
5. Неологизм дегеніміз не?
3-тапсырма. 5 неологизм сөз жаз.