Сағыныш – а берілген асыл сезім. эссе​

nlikachev nlikachev    2   14.03.2021 20:55    0

Ответы
npletnikova npletnikova  14.03.2021 22:00

Сағыныш-деген не нәрсе?Сағыныш -адамның бойындағы жағымды сезімді білдіретін,өзің жақсы көрген,алыста қалған бейнені еске алып аңсайтын қасиет.Сағыныш- сезімдердің сезімі.Сағынатын нәрсе көп қой адамда.Мысалы:қызықты өткен балалық шағыңды,о дүниелік болған атаңды, көптен көрмеген досыңды,ауылға барғанда алдыңнан құйрығын бұлғаңдатып шығар итіңдіде сағынасың.Мен осылардың ішінде:Отанға,туған елге,жерге,-деген сағынышты жазғым келіп тұр.Мен Қазақстаннан Қытайға ертеректе көшіп кеткен ақсақалдың, елге қонақ болып келген кезін көргем.Менің алыс туғандарымның бірі болатын ол кісі.Туған елді сағынғанын түрінен ақ көруге болатын еді.Туған-туысқандармен қуаныштан жылап көрісіп,мауқын басқасын ата-бабаларының жатқан жеріне барып құран бағыштады.Жерге жатып,құмды шоқыны емірене құшақтағанын,жусанды қолына алып құшырлана иіскегенін көргем.Туған жердің топырағыныңда,жусаныныңда иісі бөлек қой шіркін,-деп көзіне жас алған.Ауыл аймақ күнде үйлеріне шақырып,мал сойып қонақ қылды.Қайтарда туған елдің топырағы,-деп орамалына ауылдың топырағын орап алып жатқанын көрдім.Сол кезде мен, күнде шаңын бұрқыратып жүрген жердің топырағыныңда қадірлі екнін ұқтым.Адамға туған жерінен,үйінен асқан ыстық ұя жоқ екенін түсіндім.Туған елге,үйге,-деген сағыныштың-сағыныштың сағынышы екенін білдім.Ертең ер жетіп әр қалаға оқуға аттанамыз.Туған ауылды,үйді ұмытпайық,сағыныштан сарғаймайық.Ұядан ұшсаңдарда оны ұмытпай, сағынтпай келіп тұрыңдар демекпін.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Daswert Daswert  14.03.2021 22:00

Сағыныш а берілген асыл сезім


Сағыныш – а берілген асыл сезім. эссе​
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi