Сақтардың соғыс тактикасы қандай болды? ​

nikolak1632 nikolak1632    3   18.05.2021 12:21    1

Ответы
Nady0208 Nady0208  18.05.2021 12:30

Сақтардың соғыс стратегиясы – әлемдік прогресс

Осынау ұлан-ғайыр өлкенің түрлі климаттық ауысымында, сан қилы жер бедері мен таулы-шөлейтті, далалы аумақты мекендей отыра сақтар сол және содан кейінгі кезеңдерде әлем халықтарының экономикалық дамуында ірі прогресс саналған көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығын дамытты. Бүгінгі таңда ашылып жатқан археологиялық орасан зор табыстарға қарап отырып, сақтардың мәдениеті биік дәрежеде дамығанын, әсіресе соғыс ісінің деңгейі жоғары болғанын, жауынгерлік өнердің аса күшті қарқын алғанын байқаймыз. Былайша айтқанда, көне дәуірде атты әскерді дайындау, атты соғыс өнеріне тарту, сол арқылы діттеген жерге тез жету секілді механизмдерді іске асырған сақтардың соғыс тактикасы бүгінгі таңдағы ғарыш әлемін игерген озық елдердің ісімен пара-пар болған.

Жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан сақтардың тайпалық одағы темір өндіріп, алтын күміс қорытуды да жетік меңгерген және оны күнделікті тұрмыс-тіршілікте ғана емес, соғыс өнерінде де мақсатты түрде пайдалана білді. Қазақстан территориясынан табылған көне металлургия орындары, түсті және қара металдар кеніштері сақтар дәуірінде жақсы дамығанын көрсетті. Әсіресе мысқа қалайы, мышьяк, қорғасын, күміс, мырыш қоспаларын қосу арқылы қола мен жез алынуы, тіпті қола индустриясының гүлденген кезеңі сақтар заманына тән еді. Ал алтын тотығуға ұшырамайтын, түрін, қасиетін ұзақ жылдарға дейін тұрақты сақтай алатын өзіндік мықты материал ретінде сақтар үшін орны ерекше болды. Бұған бір ғана мысал есебінде есік қорғанына табылған әйгілі Алтын киімді Адамның қару-жарақтарына жапсырылған алтындар мен Шіліктідегі Бәйгетөбеден аршылып алынған үшінші Алтын адамның киіміндегі сом, құйма алтындарды айтсақ та жеткілікті.

Объяснение:

Вот

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi