Сақ патшайымы – Тұмардың (570-520) есімі ежелгі жазбаларда «Томирис» деп көрсетілген. Тұмар – массагеттердің патшайымы, скиф халқының көсемі – Ишпақайдың ұрпағы, скифтердің патшасы – Мадийдің шөбересі, массагеттердің патшасы – Сыпырлың қызы. Патшайымның анасы Томиристің сәби шағында қайтыс болды. Ол кішкентай қызды әкесі тәрбиелейді. Ол бала кезінен әскери іс-қимыл мен қару-жарақ пайдаланылатын ортада өскен. Әкесімен бірге жаулардан бірнеше рет қашып құтылған. Ал бес жасынан бастап асау атқа мініп жүрген. Алты жасында қолына ақинақ – қысқа семсер ұстап, соғыс өнеріне жаттыға бастаған.Парсылардың Кир патшасын жеңген соң Томиристің аты тарихта қалған. Кир патша шығыстағы массагеттерді жаулап алуды көздеген.Алдымен, Кир көшпенділер еліне елші аттандырады. Олардың патшайымы – өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды. Осылайша Кир массагеттермен соғысуға сылтау іздейді. Тұмар Кир патшаның (558-530) ұсынысын қабылдамайды. Осыны сылтау еткен Кир жауынгерлерін шығысқа қарай аттандырады. * 3.Мәтіндегі есептік сан есімдерден реттік сан есім жасап, оларды сөзбен жазыңыз. Бірінші сан есім? *

Екінші сан есім? *

Үшінші сан есім? *

sibirskiysava sibirskiysava    2   09.12.2020 22:18    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi