Сөздерден сөйлем құра. дерексіз зат есімдерді тап. үлгі, тұтамын, , өзімшіл, жауапкершілік, қатал, талап, қолдайды, түсінеді. үлгі: əкем мен анам өте .

kotovaalina31 kotovaalina31    2   27.09.2019 20:40    7

Ответы
kazmerovichvika kazmerovichvika  08.10.2020 23:21

Сөйлемдер:

1. Мен Ұлы Отан соғысына қатысқан нағашы атамды үлгі тұтамын.

2. Көрші үйдегі тәтей тым балажан.

3. Жәмиләні басында өзімшіл деп ойлағандар көп болды.

4. Жауапкершіліктен қашу – оның осал тұсы болатын.

5. Ағылшын пәні мұғалімі қатал болғанымен, сабақты өте жақсы түсіндіретін.

6. Оның бізге қойған талабы менің көңілімнен шықпады.

7. Әр таңдауымды ата-анам қолдайды.

8. Нағыз дос жолдасының қалауын бірден түсінеді.

Дерексіз зат есімдер: үлгі, жауапкершілік, талап

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi