Сөздердің тура және ауыспалы мағыналары деген не? мысалы келтір

lyuda29m lyuda29m    3   06.06.2019 23:50    4

Ответы
zaj2015 zaj2015  06.07.2020 22:19
Қазақ тілінде сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Тура мағына – сөздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның құлағы, суық жел, биік тау, жылы киім.т.б. Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, қазанның құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi