Сөздердің қосарланып, немесе қайталанып келуінен жасалатын күрделі сөздер қос сөздер деп аталады. Қос сөздер қайталама қос сөздер және қосарлама қос сөздер болып бөлінеді. Бір түбірдің қайталануынан жасалатын қайталама қос сөздердің жасалу жолы мынадай:
Қосымшасыз түбірдің қайталануы
Қамба – қамба (астық), биік - биік
Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз түбірлердің қайталануы
Өз – өзінен, ауызба – ауыз, төрт - төрттен
Бір түбірдің әртүрлі қосымша жалғанып қайталануы
Аузы – аузына, жөнді – жөнсіз, жылдан – жылға
Сөздің екінші сыңарына м,п дыбыстары қосылып, қайталанады
Ет – мет, ол-пұл, шай – пай, жігіт – мігіт, ат - мат
Еліктеуіш сөздің екінші сыңары кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырап қайталанады
Тарс – тұрс, тасыр – тұсыр, жарқ – жұрқ, сарт - сұрт
Түбір сөздің алдынан күшейткіш буынның үстелуі арқылы жасалады
Жап – жапырақ, әп – әдемі, тап – таза, т.б.