Сөздік құрам – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Сөздік құрамыға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме сөздер, терминдер, кәсіби сөздер, диалектілер, жаргондар, әдеби және ауызекі тіл лексикасы, т.б. енеді. Сөздік құрамыда күнделікті жиі (актив) қолданылатын, сол тілде сөйлеушілерге түсінікті болып келетін ортақ сөздер, сондай-ақ сирек (пассив) қолданыстағы, барлығына бірдей түсінікті емес терминдер, көнерген сөздер, диалектілер, жаңа сөздер бар. Сөздік құрам негізгі сөздік қорға қарағанда өзгергіш келеді, тілдің тарихи даму кезеңінде өзгеріп отырады. Сөздік қор - тілдің негізгі сөздік қоры – сөздік құрамның ең тұрақты бөлігі, ондағы сөздердің негізгі ұйтқысы.Мысалы : ал,ар,ас,ана,отыр,бар,мен,жан,жас т.б.Негізгі сөздік қор сөздік құрамнан ерекшеленеді. Сөздік қорға тек көне түркілік атаулар ғана енсе, сөздік құрамға тіліміздегі барлық сөздер – диалектілер, кірме сөздер, жаргондар, қарапайым сөздер, сленгтер, т.б. жатады. Сөздік құрамға қарағанда негізгі сөздік қордың сан мөлшері, көлемі әлдеқайда шағын болады.

1-тап. Оқушылар сөздік қордағы сөздерден жаңа сөздер,жаңа тіркестер жасап , кестеге түсіреді.Сөздік қор арқылы сөздік құрамның қалай толығатынына назар аударады.

2-тап.Мәтіндегі астарлы ойды анықтап, «Дербес пікір жазу» әдісімен автордың көзқарасына баға береді.

3- тап. «Қазақ жұмыскерлкері туралы жат адамдардың пікірін қолдауға бола ма ?» сұрағына жауап беріп, «Төрт сөйлем» тәсілімен пікір, дәлел,мысал,қорытынды жазады.

148625 148625    3   16.11.2020 18:21    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi