«Сіз», «біз» деген жылы сөз «Сіз», «біз» деген жылы сөз –
Жылытады жүректі,
Жақсылық билеп жанды тез,
Оятады игі тілекті.
Біреуге біреу жақсылық,
Тілесе әр кез жаны ашып,
Осы бір шырын-тәттілік,
Тұрмай ма жанға жарасып?!
Баршаға керек жақсылық!
Жақсылық сүйер жанымыз,
Баршаға жетер жақсылық,
Қызғанбай бөліп алыңыз!
«Сіз», «біз» деген жылы сөз –
Жақсылықтың мейірі.
Бір-біріне болып кез,
Кең болсын адам пейілі!
Жылы сөз___
Анама:
Анашым мен сені жақсы көремін!
Әкеме:
Әке сіз әлемдегі ең керемет әкесіз!
Әпкеме:
Әпке көмегіңізге рақмет!
Ініме:
Інім сен сондай ақылдысың
Сіңіліліме:
Көмектесейін бе? Тапсырмаң қиын ба?