Сөйтіп жүргенде, мүйізі қарағайдай бір газеттен ауылға тілші келіпті. Жеке шаруа-шылық¬тың жұмысын көріп, іс-тәжірибесін басқаларға үлгі етіп жарияламақ. Кезінде Шамшархан бұл қожалықты Машрап теледидар көріп отырғанда, «бас иеміз ғой» деп отағасының атына жаздырған еді. Тілші келіп, Машраптың денсаулығын, хал-жағдайын сұрады.
– Жұмыс барысында жараландыңыз ба? – деген сұраққа Машрап быдыңдап, сасып, не айтарын білмей:
– А, жо-о-ғә, не ғып... әлгі... ы-ы-һі, – деп жөткірініп алып, – Төлек, бері келші, жұмыс¬тың жағдайын түсіндірші, – деді терге түсіп. Төлек байыппен барлық сұрақтарға жауап беріп отыр. Сол кезде сырттағы шаруаны жайғап, Шамшархан келе қалды.Тілші:
– Апай, жұмыстарыңыздың жемісті болып жатқанын естіп, сіздер туралы жазғалы келіп жатырмыз. Хоббиларыңыз не? – деді. Шамшархан тосылып қалды.
– Ешқандай қобдиымыз жоқ, – деді абдырап. Тілші күліп жіберді.
– Апай! – деді күлкісін тоқтатып, езуін әрең дегенде жиып. – «Хобби» деген адамның сүйікті ісі, көңілі қалаған жұмысы дегендей, – деді жайғап.

Мәтіннен омоним сөздерді теріп жазыңыз (кемінде 3 сөз).

zlatasidorowa zlatasidorowa    2   22.12.2020 18:09    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi