Леп белгісі мынадай орындарда қойылады: Бұйрық, ұран, үндеу мәнді сөйлемдерден соң әр уақытта леп белгісі қойылады. Сүйсінгендікті , таңғалғандықты, ренішті, ызаны білдіретін лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады. Ерекше дауыспен айтылған одағай сөздерден немесе одағайлы сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.