Сөйлемдерден заттанған сын есімдерді тауып, сұрақ қойыңыз және қалай түрленіп тұрғанын анықтаңыз. ( Зумда қалай орындадық, солай талдайсыздар) • Ұялшақ сыбағасынан құ қалар.
• Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез.
• Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды.
• Жаманға еткен жақсылығың, жатқа кеткен малмен тең.
• Ашулыдан алты табан қашық тұр.
• Жақсыға барсаң, жазылып қайтарсың.
Жаманға барсаң, жабығып қайтарсың.
• Жақсылықты қызғанба, бәріңізге жетеді.
Жақсы болып бір жүрсең, дүние қызық боп өтеді.