Сөйлемдерді қораптарға орналастыр. Алан, су не үшін қажет? – Дана, су бізге өмір сыйлайды. Сусыз өсімдіктер өспейді. Жануарлар тіршілік ете алмайды. – Глобусқа қарашы, жер бетінде су өте көп. – Иә, бірақ әлемде тұщы су қоры аз, тұзды су көп. Адамдар тұщы су ішеді. Сондықтан тұщы суды үнемдеу керек. – Түсінікті! Енді суды босқа төкпеймін.