Сөйлемдерді көшіріп жазып, кез келген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. Қазақстан мұнай, астық, металл, басқа да шикізат көздерінің экспортын жасайды. Шетелдік ірі инвестициялар мен несиелер тарату арқылы әлемдік шаруашылық жүйесімен тығыз қарым-қатынас орнатты. Экономиканың дамуы мен әлеуметтік-мәдени салаларды қорғауға арналған Ұлттық қор құрылған. Еліміздің алтын-валюта қоры 50 млрд қаржыдан асады. Ұлттық қазынаны бір қолға жинақтайтын «Самұрық-Қазына» қоры құрылды. Экономика Қазақстанда қарқынды дамып келеді.