Сөйлемдерді аударып, неологизмдерді теріп жазыңыз 1. ХХІ ғасыр – жаңа ақпараттық технология, техника ғасыры. 2. Дербес компьютерлер ақпаратты сақтауға арналған. 3. Ұялы телефонымды үйіме тастап кеткендіктен, досыммен хабарласа алмадым. 4. 1992 жылдан бастап елімізде мемлекеттік мекемелерге жекешелендіру жүргізілді. 5. Адамзаттың өркениеті мен ядролық қару қатар өмір сүре алмайды. 6. Қазақстан нарықтық экономикаға біртіндеп көшіп келеді. 7. Интернет планетадағы барлық компьютерлік жүйелердің басын қосатын дүниежүзілік «өрмекші торға» айналды.