Сөйлемді жалгастырып жаз табиғат ананың жер,су,ағаш,ауа деген ұлдары болыпты

EMPITINES EMPITINES    3   28.10.2020 08:15    0

Ответы
Alexandr2K17 Alexandr2K17  27.11.2020 08:18

Табиғат - ананың Жер, Су, Ағаш, Ауа деген ұлдары болыпты. Олар өте ақылды, мейрімді екен. Табиғат – ана бір күні ұлдарын шақырып алып:

- Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын, - деп уәде береді. Сонда ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп, адамдарға жақсылық жасауға келіседі. Ұлдары жан – жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті іс жасайды. Күндердің күнінде ұлдары еліне қайтып оралғанда Аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары:

- Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде? – дегенде Табиғат – ана:

- Аяулы ұлдарым менің, мұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңда, - деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ауа, Ағаш аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін адамдарға адал қызмет етіп келеді екен

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi