Сүйінші сұрау тақырыбына мәтін құрастыру

Usimys Usimys    3   10.09.2019 02:20    2

Ответы
KÆTÉ KÆTÉ  26.08.2020 18:26

Сүйінші сұрау туралы жалпы мәлімет.

Әрбір халықтың өзіне тән салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, халық ауыз әдебиеті, мәдениеті, тәрбиелік ұстанымдары бар. Міне, осы асыл қазынамыз бізге ұрпақтан ұрпаққа сан ғасырлар бойы аманат ретінде ұласып, ұлттық болмысты жоғалтпай, өзгелерден ерекшелеп тұратын айна секілді. Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор.

Осы салт – дәстүрлердің ішінде сүйіншіні алар орны ерекше, себебі бұл басқа халықтарда кездеспейді. Жалпы, сүйінші - қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келуін, келін түскенді, алыстағы сағынған адамның келгендігін, жоғары атақ, үлкен сыйлық берілуін, т.б. қуанышты сәттерді алғаш хабарлаушы сүйінші сұрайды. Сүйіншіге бағалы зат немесе ақша береді.

Әдетте, қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші - сүйінші» деп үйге келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.

Сүйінші сұрау - күні бүгінге дейін сақталған салт – дәстүрдің бірі. Ал сіз сүйінші сұрайсыз ба?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi