с вопросами Исламның бес негізгі парызы

2.Үшір салығын кімдер төлейді

3.Иқта салығын кімдер төлейді

4.Мұзаммед пайғамбырдың серіктері

mvamz mvamz    3   22.12.2020 07:27    17

Ответы
Marmar20052110 Marmar20052110  21.01.2021 07:29

Исламның 5 парызы

Объяснение:

Мұсылманның бес парызы!

Ислам діні бес парызға негізделген. Сол үшін а оның барлығына иман келтіріп, орындамаса немесе тиісті амал істемесе шынайы мұсылман бола алмайды.

1 - парыз: Аллаһтан басқа тәңір жоқ екеніне және Мұхаммед Аллаһтың елшісі екендігіне куәлік беру. Бұл куәлік Ислам дінінің кілті, Ислам дінінің негізі осы болып табылады: "Лә иләһа иллаллаһ" аудармасы "Аллаһтан басқа тәңір жоқ" ал, мағынасы "Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылық қылуға лайықты тәңір жоқ".

2 - парыз: Намаз оқу. Тәулігіне бес рет оқылатын бес уақыт намазды Аллаһ Тағала Өзінің пенделеріне Өз хақысының өтелуі үшін, берген нығметтеріне шүкірлік қылуы үшін және мұсылманмен Раббысы арасында байланыс болсын деп бекітті.

3 - парыз: Зекет беру. Зекет дегеніміз - байлығы, мал-дүниесі белгілі нысапқа жеткен дәулетті мұсылманнан кедей, кембағалдарға жылына бір рет беріліп тұратын садақаны айтады.

4 - парыз: Ораза тұту. Барлық мұсылмандар хижра есебімен жылдың тоғызыншы айында ораза тұтады. Бұл айда барлық мұсылмандар ішіп-жеу, жыныстық қатынастар жағы сияқты өздерінің табиғи құмарлықтарымен шәһауаттарынан таң атқаннан күн батқанша тиылады.

5 - парыз: Қажылық қылу. Ислам шариғатында мәлім болғандай қажылық деп - белгіленген уақытта ниет қылып, белгіленген ғибадаттарды орындау үшін Меккедегі Аллахтың үйі - қасиетті Қағбаны зиярат қылуды атайды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi