Сәулет – тағайындалуына, қазіргі техникалық мүмкіндіктер мен қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес имараттарды жобалау және салу өнері. Сәулеттің міндеті – құрылыс конструкциялары арқылы жүзеге асырылатын адам өмірі мен қызметі үшін кеңістіктік ортаны ұйымдастыру. Конструкция мен сәулет-көркемдік бейненің өзара байланысы – сәулеттің маңызды даму шарты. Үздік сәулет има- раттарында осы уақыт кезеңіне арналған қазіргі функционалдық және көркем-идеялық талаптар үйлесім табуы тиіс. Ежелгі римдік инженер және сәулет өнерінің теоретигі Витрувий бүгінгі күнге дейін бүкіл сәулетші басшылыққа алып отырған: «беріктік, пайда және әдемілік» сияқты үш тағанды қалыптастырды. Барлық сәулет имараттарының сапаға тән: функционалдық (қолайлылық, пайда), конструктивтік (беріктік, саналы үнемділік), эстетикалық (әдемілік, идеялық мазмұнды көрсететін көркемдік бейне) сияқты үш тобы бо- лады.
«Архитектор» сөзі «архитектон» деген ежелгі грек сөзінен шыққан, бас құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Бұл сөзде сәулетшінің ежелгі уақыттан бастап бүгінгі күнге дейінгі айналысқан қызмет мазмұны өте дәл анықталған.
Сәулет адамзат қызметінің ежелгі түрлерінің біріне жата- ды. Қарапайым баспаналар мен жабайы пұт тұрғызудан басталған құрылыс өнері біртіндеп дамып келе жатқан қоғамның түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын тәжірибеге ие болды және өз кезегінде осы қоғам мәдениетіне эстетикалық ықпал көрсетті.Мәтіндегі мәліметтерді байланыстырып,”Сәулет өнерінің ерекшелігі” тақырыбында монолог жазу
Өтінем көмектесіңіздерші