сәулелерді жаксырақ шашыратады. Ал көзге көрінетін сәулелердің ішіндегі толкыны ең қысқасы - көк түс. Міне, аспан түсінің бар кұпиясы осында жатыр. Оқылым Тапсырма Мәтіндерді оқып, олардың жалпы қысқаша мазмұны мен накты акпараттарды ажыратып көрсетіңіз. [10] А мәтіні Жетіқарақшы Қазақ атаулы түгел білетін шоқ жұлдыздың бірі – Жетіқарақшы. Жетіқарақшы Темірқазықты (дәлірек айтқанда дүние полюсін) тәулігіне бір рет айналып өтеді. Оның ирдегі, түн ортасындағы, таң алдындағы орны жыл мезгілдеріне қарай әрқилы өзгеріп отырады. Мал шаруашылығымен шұғылданған ата-бабаларымыз Жетіқарақшының қозғалысын бақылай отырып, оны түн мезгілдерін анықтайтын аспан сағаты есебінде пайдалаған. «Жетіқарақшы бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін ұрлаған баукеспе ұры болыпты. Халық болып соңына түскен соң қылмысы басынан аскан жеті ұры жеткізбей аспанға қашып шығып кеткен. Бастаған – алдыңғы төртеуі, ана артындағы үшеуі ерер-ермес болып жүрген олардың кұйыршығы. Екі бүйірдегі жарық жұлдыз - екі батыр. Сонау қатар тұрған екі жұлдыз Акбозат пен Көкбозат батырлардың аттары. Олар Темірқазыққа арқандаулы. Шұбатылған арқаны да көрініп тұрады. Аттар Темірқазықты айнала оттайды. Оларды аңдыған жеті ұры да түнімен төңіректеп, айналып жүреді. Ә мәтіні Саяхат бізге не үйретеді? 1. Саяхаттаудың ең қиын кезеңі - үйден шығу. Шынымен де, үйде отырғаныңызда түзде өміріңізге қауіп келтіретін түрлі жағдайлар күтіп тұрғандай сезінуіңіз мүмкін. Қайда тамактанып, қайда ұйықтайтыныңызды білмей дал боласыз. Сізді тіл білмеу немесе қаржылық жағдай тоқтатуы да ғажап емес. 2. Адамдар әрқашан да жылы шырайлы келеді Дамыған мемлекеттерге саяхаттайтын болсаныз ондағы адамдар сізге барынша құрметпен қарайтынына таңғалманыз. Тек кейбір елдердің мәдениеті төмендеу аймактарында ғана қауіп төнуі мүмкін. Бірақ қай елді алсаңыз да, ондағы адамдар өзге елден келген саяхаттаушыларға аса зор құрметпен қарайды, әрқашан көмек беруге дайын тұрады. Олар сізге жол көрсетеді, құдайы конак етеді, өз елінің ең жаксы деген жерлерімен таныстырады, сіздің саяхатыңызға қызығ