С. Торайғыров «Алаш туы астында» , өлең идеясын, тақырыбын талдап жазу

irina895 irina895    3   12.01.2021 12:58    1

Ответы
Лолыч11 Лолыч11  11.02.2021 13:17

Қазақ ұлтының тәуелсіздік, егемендік ,отаршылдықтан азат болу ,тіл мәртебесін көтеру, елдік мұраттың жойылмауын көздеу-алаштықтардың ең басты мақсаты .

Өткен ғасырдың 20-30ж.мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасының суарылған тарихтың шерлі беттері болып қалды.1907ж.қазақтардың Ресейдегі мемлекеттік Думаға сайлану құқығынан айырылып қалуы халықтың намысына қамшы болып тиді.М.Дулатов"Оян, қазақ"деп жырлады. 6млн.қазақтан Думаға бірде-бір депутат сайланбауы қорлық деп саналды.Бұл ұлт-азаттық қозғалысына түрткі болған бірінші себеп болды.Екінші себеп, уақытша үкіметтің басқа да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ең өзекті ұлттық мәселелерді шеше алмаған әлжуаз , тұрақсыз саяси билікке айналуы,соңы империя аумағын қамтыған анархияға ,зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді.Үшіншіден ,Қазақстанда жер мәселесінің шешілмеуі,қоныстанушылар легінің толастамауы ,қарулы солдат пен қоныстанушылардың панасыз, қарапайым халықтың үстінен жүргізген озбырлығының өрши түсуі,қазақтың шұрайлы жерлерінен айырыла бастауы ,салықтың артуы себеп болды.Халықтың ашуы кекке ұласты.Ең негізгі себеп:қара жұмысқа қазақтың ер-азаматтарының алынуы еді. Сөйтіп екі партия құрылып,алаштықтар Ұлттық автономия құруды көкседі.Жалпыұлттық бірігу, ұлттық тәуелсіздік идеясы орын алды. Ұлт-азаттық қозғалыс жеңілсе де халықтың ұлттық сана-сезімі оянды. 1917ж.Алашорда үкіметі ұстанымы:

жерге ең алдымен қазақ ие ету,жер байлығын қазақ пайдалану,өз өнімін өзі өндіретін экономикасы болуы,тіл мемлекеттілігі,діні мен ділінің үстемдігі, білімнің дамуы. Алаш зиялылары қазақ үшін өмір сүрген. Олардың идеясын азық қыла отырып, еліміздің тұтастығын, тәуелсіздігін сақтауға,қазақ тілінің шұбарлануына жол бермеуіміз керек.

Алаш мәңгілік жасасын!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi