С! сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлем құра. музейде тұр, қойылымда отырмын, есілдің жағасында жүр, опера театрына жүр, жазып отырсың, айтып жатыр, сөйлесіп жүр

Sidi123 Sidi123    3   03.10.2019 15:20    38

Ответы
сашенька062 сашенька062  09.10.2020 14:38

Берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастыру.

Есік қорғанынан табылған Алтын адам мүсіні музейде (мұражайда) тұр.

Дәл қазір мен қаламыздағы театрдың кезекті қойылымында отырмын.

Жаз келіп, күн жылынғалы бері балалы отбасылар кешқұрым Есілдің жағасында серуендеп жүреді.

Өнер академиясында білім алып жатқан бауырым қазір Абай атындағы опера және балет театрында тағылымдамада жүр.

Ресейдегі досыңа кезекті хат жазып отырсың ба?

Теледидардағы соңғы жаңалықтарда қаламызда орын алған жәйттар жайлы айтып жатыр.

Қарындасым ағылшын тілін жетік меңгеру мақсатында Ұлыбританияда тұратын досымен Интернет арқылы сөйлесіп жүр.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi