Сұрай-сұрай Меккені де табады дейді. Сол айтпақшы, Ахат пен Молдабек сұрай-сұрай Алматының абақтысын да тапты. Басқаны білмесе де, жұрт түрмені біледі екен. Әуелі Ахат пен Молдабек базарға барды. Ал базар – не сұрасаң да табылатын жер; Дауылбай аттан түсіп, оязбен құшақтасып, қоштасқан жерде әлі тұр. Ұлықтың құшып тұрып арқасынан қаққаны әлін алып қойғандай, орнынан қозғалар емес. Шала мас. Бәрі шала. Көңіл ала. Ояз күліп аттанса да, Дауылбайдың күдігі жанын жеулі. Әлгі Алсай сойқаны болысқа қатты сойқан болды. Ояз мәдениетті, зиялы кісі. Сыпайы мінезбен бәрін жуып-шайып сыр білдірмей кетті. Ал бірақ ішінен не деп кетті. ...Ел құлағы елу, болыстың ақ ордасын тал түсте ат ойнақтатып, бір кедей сабалап кетіпті деген сыбыс жер-жерге жайылып кетсе, сол жаман. Сүйекке таңба. Масқара таңба. Қап, ит Алсай. Жер басып жүрсем, ендігі ісім сенімен болсын (Ш.Мұртаза).АННОТАЦИЯ

tysa133 tysa133    2   14.05.2020 16:10    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi