Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Сендер жейтін тағамның қайсысының калориясы жоғары? Не
себепті өсіп келе жатқан ағзаларыңа жоғары энергетикалық
құндылығы бар азық-түлікті пайдалануларың керек?
2. Энергетикалық құндылығы жоғары, маңызды азық-түліктердің
тізімін жасаңдар.
3. Кішігірім балғаны алып, металды бірнеше рет ұрыңдар (металл
сынығы, шеге). Металдың соғылған жеріне абайлап, қолдарыңды
тигізіңдер. Саусақтарың нені сезді? Энергияның қандай түрленуі
болды?