Сұрақтарға жауап 1. Ұлы Отан соғысының батырларын жаз . 2. Қайрош кім , ол кімнің прототипі ? 3. Ғабит Мүсірепов романы 4. Ғабит Мүсірепов қай ауылда туған ? 5. Ұлы Отан соғысына биыл неше жыл болды ?​

DimaNewPARK DimaNewPARK    3   15.05.2021 13:31    0

Ответы
kerildebil2016 kerildebil2016  15.05.2021 13:40

Объяснение:

Өмірбаяны

Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылында дүниеге келген. Орта жүздің керей тайпасының Сибан руынан шыққан[1].

Алғашқыда ауыл молдасынан арабша хат танып, жастайынан әуелі екі жылдық ауылдық орыс мектебін, кейін төрт жылдық жоғары басқыш орыс мектебін бітіреді.

Орыс мектебінде жүргенде орыстың атақты ақын жазушыларының шығармаларын оқып білуі, ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтың әсер-ықпалы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді.

Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Осында өткізген 1923 – 1926 жылдары Орынбордағы жұмысшы факультетінде Сәбит Мұқановпен бірге оқыды және Сәкен Сейфуллинмен танысты.

1927 жылы Омбы ауылшаруашылығы интернатын бітірді;

1927 – 1928 жылы Бурабай орман шарушылық техникумында оқытушы қызметінде;

1928 – 1932 жылдары Қазақ мемлекеттік ба ң бас редакторы қызметінде;

1933 жылы - Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі қызметінде;

1934 жылдан “Қазақ әдебиеті” және “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) (1935) газеттерінде бас редактор қызметінде;

1936 жылы - Қазақ Өлкелік комитетінде ба өз бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде;

1937 жылдан Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметінде;

1938 –1955 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыстармен айналысқан;

1956 – 1957 жылы “Ара – Шмель” журналының бас редакторы;

1956 – 1961 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы;

1958 жылдан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комитеттің мүшесі;

1964 – 1966 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы болып;

1959–1985 жылдары КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi