Сұраққа толық жауап жаз. Мәтінге ат қой.
Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтап, жазбаша түрде бер.
Данияр Маратұлы Елеусінов (13 наурыз 1991 жылы, Березино ауылы, Казталов ауданы, Батыс Қазақстан
облысы) — Қазақстандық әуесқой-боксшы, 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының
чемпионы, Азиада-2010 жеңімпазы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 кг салмақта
әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері.
Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы, 2008 жылы
Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының финалисті, 2009 жылы Қазақстанның Жастар
ойындары жеңімпазы. 2010 жылы Қазақстан және Гуанчжоуда өткен Азия ойындары чемпионы, ҚР
Кубогы-2012 чемпионы. Астана қаласында тұрып, сол жерде әкесі Елеусинов Марат қол астында
жаттығады. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы.
2015 жылы Елеусінов Отбасы Астанада қалалық конкурсында «Mereyli отбасы-2015» атағын жеңіп алды.
Орал қаласында оқушыларға арналған Данияр Елеусінов атына бокс орталығы ашылмақ.
I