Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бне қашқан, тан жарысқан.
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш, қурай.
Біреу малма сапсиды, салып пін.
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
Енесіне ніртіп шуда жібін
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін.
Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,
Көңілсіз қара суық қырда жүрсең.
Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң,
Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең.
Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы.
Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы.
От жақпаған үйінің сұры қашып,
Ыстан қорыққан қазақтың құрысын заңы.
Мәтін мазмұны бойынша 2 сұрақ құрастырыңыз.
Сұрақтар
1.
2.