Сұлулық - азап па, әлде ғажап па?! ойтолғау жазу. 80-100 сөз

sevenfoldblood sevenfoldblood    2   11.02.2021 08:25    0

Ответы
KingTheCat KingTheCat  13.03.2021 08:30

Сұлулықты әркім әр түрлі түсінеді ғой, бірақ ол туралы жалпы түсінік те бар. Табиғаттың сұлулығына шексіз сүйсініп, таңғалып тамсанамыз, содан ерекше ләззат аламыз. Ал адамның сыртқы сымбат сұлулығы кімге де болсын ұнайды, қызығамыз, кейде іштей қызғанамыз. Алла жаратқан жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің ең сұлуы – адам көрінеді. Әр адамның бет-бейнесі, кескін-келбеті, мінез-құлқы әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Барлық халықта сұлулық белгілері: сұңғақ бой, аршын төс, бөкен сан, қылдай қыпша бел, ашаң аппақ жүз, қыр мұрын, қиғаш қас, оймақауыз, күлім көз, қолаң шаш, т.б. болып келеді. Кейбір адамның бет-бейнесі айта қаларлық сұлу болмаса да, өзіне тартып тұрар бір қасиеті болады. Ол қасиет – адамның адамгершілік қасиеттерімен тығыз байланысты ішкі жандүние сұлулығы. Өмірде сұлу адамдар өте көп, бірақ жаны сұлу адамдар көп деп айта алмайсың. Қазақ «Жылқы кісінескенше, адам түсініскенше» деген екен. Асқан сұлулардың сөйлесе келе таяз екенін байқасаң, сұлулығы көк тиын болып қалады. Жан сұлулығы, сөзсіз, сана-сезімнің басқаға қарағанда жоғарылығынан туындайды. Адамның өнер мен білімге, өмір сүруге құштарлығы, айналасындағы сұлулықтың бәрін жоғары бағалауына, сүюіне ықпал етеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi