Сұлу Көкше жерінде биік тау бар. Жерден атқан садақтың оғы оның шыңына жетпейді. Содан да бұл тау Оқжетпес атанып кеткен. Бұл шыңға
қызықпайтын жан жоқ. Қарағайлар мен шыршалар Оқжетпестің тастарына
қадалып өскен.
Шың туралы мынадай аңыз бар. Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген
елде бір
бала дүниеге келіпті. Ол елден ерекше ер тұлғалы, зор денелі, батыр болып
өседі. Ірі болғаны
сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ
жеріне қызыққан жау аз емес еді. Бала келген жаумен шайқасып, еліне
жолатпапты. Бір күні сол бала шайқастан кейін сәл демалып алмақшы
болады. Көлдің мөлдір суына рақаттанып шомылады да, Көкшенің
баурайындағы қалың қарағайдың арасына келіп жатады.
Орман ішінде жасырынып жүрген жау,ұйқыдағы батырды қолға түсірмек
болады. Қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші
азайып, әлі таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше ,өлгенін
артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Жау қолына тастамас
үшін пілін де төбесіне көтеріп алады. Сондағы батыр осы Оқжетпес болса
керек.
1. Баланы қалай сипаттайды?

[1]
2. Батыр қандай тілек тілейді?

[1]
3. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін тақырыбы бола алады?
А) Ел іші - алтын бесік.

В) Туған жер - алтын бесік.
С) Айлалы батыр алдырмас.
Д) Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.
[1]
4. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
а. ер
с. дұшпан
[1]
5. Мәтіндегі оқиғаларды ретімен орналастырыңыз. Распредели по
содержанию данные предложения
Қаруы жоқ батыр дұшпандармен айқасады.
Пілді жауға қалдырмас үшін көтеріп алады.
Бала батыр болып өседі.
Көлге шомылып, қарағайдың ортасында
демалып жатады.

11Ольга1111111 11Ольга1111111    3   30.04.2021 11:10    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi