Сұлтанмахмұттың өмір баянын,шығырмашылығын кімдер зерттеді​

dulat15 dulat15    2   19.11.2020 11:17    0

Ответы
КатяСвиридова КатяСвиридова  19.12.2020 11:38

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мұрасын жинауда, ақынның ғылыми өмірбаянын жіктеуде Ж. Аймауытовтың рөлі маңызды. Ж. Аймауытовтың 1927 жылы 15 қарашада Мәшхүр- Жүсіп Көпейұлына жазған хатында өзінің Сұлтанмахмұтқа, сонымен қатар, Мәшхүр-Жүсіпке деген құрметін білдіре отыра, ол былай деп жазады: «Былтыр

Сұлтанмахмұттың туындыларын жинадым, үлкен кітап құрастырып және баспаға тапсырдым. Егер рас болса, ол басылып шығарылады деген хабар алдым. Бұл мен үшін адамгершілік борыш болды. Кейінгі міндетім мүмкіндік болса, сіздің есіміңізді тарихта қалдыру. Орындай аламын ба, жоқ па? Білмеймін. Өйткені ескінің даналығын бағалайтындар саны азайып барады.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығы мұрасының әдеби зерттеуі – ХХ ғасырдың 30 жылдары басталды. Торайғыров туралы мақаланың бірінші авторлары І. Жансүгіров, С. Мұқанов, С. Сейфуллин, А. Адалис, И. Масловой, К. Дәукенов, С. Айтмұқанов және басқалар болды.

Ақынның өмірі және шығармашылығын зерттеуде Б. Кенжебаев ерекше үлес қосты, ол ақынның поэтикалық шығармашылығы бойынша кандидаттық және докторлық  диссертациялар қорғады, сонымен қатар Торайғыров туралы бірнеше монографиялар және мақалалар жазды.

М. Әуэзов, Т. Абдрахманов, М. Базарбаев, Р. Бердібаев, К. Бейсембиев, А.Дербісалин, Ы.Дүйсенбаев, У.Есназаров, Б.Жақыпбайұлы, Н. Жандильдин, А. Жовтис, Ж. Ысмағұлов, Е. Ысмайылов, Т. Кәкішев, 3. Кедрина, Т. Қожакеев, Н. Нартаева, А. Нұрқатов, К. Нұрмаханов, Т. Нұртазин, Б. Сахариев, М. Сильченко, X. Сүйіншәлиев, Ә. Тәжібаев, Ш. Торайғыров, М. Тілеужанов, Б. Шалабаев, К. Шаменов, М. Фетисов, Е. Ысмайылов сияқты жазушылар және филологтар Торайғыров поэзиясын әдеби зерттеуде үлкен үлестерін қосты, олар бірнеше монографиялар, мақалалар жазды, сонымен қатар қазақ әдебиеті бойынша жинақтарда оған тұтас тараулар арналды.

Жазушы Д. Әбілев Сұлтанмахмұт туралы трилогия жазды, ақынның бейнесін алғашқы рет көркем бейнеледі. 80-90 жылдары С. Торайғыров шығармашылығын А. Айманов, М. Әбдешев, К. Ергөбеков, С. Әшімбаев, А. Еспенбетов, Б. Жанымбет, Қ. Исабаев, А. Қабдыжанов, Б. Мамраев, Т. Рахымжанов, Е. Өтебаев, Қ. Шаяхметов сияқты әдебиетшілер зерттеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi