Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін, Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың,
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.
Қолында пулемёті «Максим» оның,
Бойында күш-жігері тасқын оның.
Ерлермен тізе қосып шабуылда,
Оғымен қырғын майдан ашты жолын.
Көзінен ұшқын өрттей лапылдаған,
Жауына қаһар тігіп қатуланған.
Отан үшін шайқасқан ауыр күнде,
Тенсе де өлім қаупі, жасымаған.
Мәншүк Мәметова
батыр қыз
пулемётші
батырдың портре