Сәлеметсіздерме! маған шығармамен көмектесініздерші? тақырыбы "үлкенді сыйлау-ұлылық". күтемін. рахмет

ФАНТА66666 ФАНТА66666    1   14.08.2019 08:00    2

Ответы
малыш008 малыш008  04.10.2020 18:11
"Үлкенді сыйлау-ұлылық"
Үлкенді сыйлау – қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау, ең алдымен, әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата-анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да сыйлай алмайды. Ата-ана баланы дүниеге келтіріп, өмір береді, тәрбиелеп өсіреді, білім береді.Оған ержетіп, отбасының қамқоршысы болады деп сенім артады. Есейген бала ата-анаға қамқоршы болуға жараса – жігіт болғаны. Ата мен ананың қартайғанада бойынан күші қайтады. Бірақ олардың ақылы, көпті көрген тәжірибесі отбасына үлкен көмегін тигізеді. Әрбір қиын істің шешімін, ең алдымен, ата-ана табады. Ол үшін ата-анамен ақылдасып, олардың пікірін тыңдап отырған орынды. Ата-ананы сыйлаған жастардың өз балалары да кейін соны қайталайды. Ата-ананың ісінен үйреніп қана қоймай, олардың тәрбиесін бойға сіңіре білу – әр баланың парызы.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi