- Сəлеметсіз бе! - Танысалық, шырақ. Мен Телман аудандық атқару комитетінің председателі -
Қанабекпін.
- Мен осы Қарағанды күзетіп ұалған Ермек деген жұмысшымын.
- Бəрекелді! Іздегеніміз -сен едің. Мына кісілер-сонау Донбастан. Москвадан келеді.
Қарағандыға жан салмақ, бізбен бірге отырып,Совет Қарағандысын жасамақ. Танысып қой Сергей Петрович Щербаков,-деп зор денелі,бурыл бас кісіге нұсқады,-өзіңдей ескі шахтер, болашақ трест бастығы... Механик Козлов, слесарь Лапшин, мына кісі-инженер Орлов.
Ермек енді əрқайсысымен қол алысты. Суық, сұрғылт жүзіне қан жүгірген көзі жайнап барады. Тұйық, ауыр мінез адамның аузынан əлі мардымды ештеме шықпаса да, өңіндегі өзгерістер қуанышын сездіріп тұр.
Бұлар танысып болғанша, алақандай Қарағанды хабарланып та болды. Жүгірген бала, жебелей басқан əйел-еркектер көрінеді. Маңайдағы колхоздардан көмір алуға келген колхозшылар да, өтіп бара жатқан бірен-саран аттылар да бұрылып, қонақтардың маңына жиналды. Одан-бұдан жиыла -жиыла кішігірім топ құрылды.
- Қарағандыны жүргізуге келіпті.
- Донбастың мастерлері,-дейді.
- Е, «осал деме көмірді, бұрқылдатар темірді».
Көп ішінде сабыр-күбір осылай жұріп жатты. Ермек қалтасынан бір шумақ кілт суырып, Щербаковқа ұсынды.
- Чайковтан естіген едім, күткен едім. Жақсы келдіңіздер, міне, завод кілтін енді өз қолыңызға алыңыз.
Щербаков кілтті алған соң тебінгідей жалпақ алақанына салып, біраз ойланып тұрды да кішірек көзін төңірекке жіберді. Кең дала оның көңілін де кеңейтіп жңберген тəрізді. Қолын көтере, сол далаға мегзей.
- Жолдастар!- деді жуан дауыспен кең иықты, алып денелі адамның даусы да зор, салмақты шықты. -Осы далада Аппақ Байжанов қой бағып жүріп, суыр інінен Қарағанды көмірін тапқалы жүзге жуық жыл өтіп барады. Содан бері орыс- ағылышын капиталистері қазақ жерінің байлығын, қазақ халқының арманын осы кілтпен жауып ұстағандай болса, біз енді осы кілтпен бəрін ашамыз.
Тапсырма.
1. Мəтінді оқып, мəтін бойынша 5 сұрақ дайындаңыз.

хитрыйкот хитрыйкот    3   21.09.2020 22:16    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi