с казахском языком Заранее Дауыссыз дыбыстар.
2-нұсқа.
1. Үнді дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
А) Ң,Р,Л,М... В) И,Ң,В,Г... С) Қ,Л,М,Н... Д) Р,Л,М,И... Е) С,У,Ш,Ң...
2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды табыңыз.
А) д,т,р В) қ,ң С) р,н,д Д) а,о,м,д Е) й,у,ж
3. Қатаң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.
А) г, ғ В) л, м С) н, р Д) д, ж Е) п, т
4. Тек ұяң дауыссыздарды көрсетіңіз.
А) П,Ғ,В,К... В) П,У,Х,В... С) Д,Ж,С,В... Д) Б,В,Р,Л... Е) Б,В,Ғ,З...
5. Қазақ алфавитіндегі әріп санын көрсетіңіз.
А) 33 В) 40 С) 41 Д) 36 Е) 42
6. Қатаң дауыссызға аяқталатын сөзді көрсетіңіз.
А) нәтиже В) мемлекет С) қарағай Д) ойын Е) пән
7. Үнді дауыссыз дыбыстары бар сөздерді көрсетіңіз.
А) қыз, ата, қар В) жүн, қой, ет С) бал, жүз, топ Д) сүт, шұжық, май Е) мың, нан, мал
8. Ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөзді көрсетіңіз.
А) Мәдениет В) Біз С) Кездік Д) Тармақ Е) Оқулық
9. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын мемлекет атауын көрсетіңіз.
А) Қазақстан. В) Албания. С) Ресей. Д) Украина. Е) Грузия.
10. Үнді дауыссыз дыбысқа аяқталған көне қала атын көрсетіңіз.
А) Йассы. В) Ақмола. С) Семей. Д) Түркістан. Е) Қарағанды.
11. Жалғауы ұяң дауыссыз дыбыстан басталған сөзді көрсетіңіз.
А) Тәуелсіздіктен В) Әйелдер С) Өнерлер Д) Шеберлер Е) Көшпенділерге
12. Үнді дауыссыз дыбыстармен басталған сөздерді көрсетіңіз.
А) Қазына, әдіс, ұят. В) Наурыз, райхан, мереке. С) Кездік, серік, бой. Д) Отбасы, шығыс, әлем. Е) Дауыл, бөлме, доп.
13. Ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын сөзді көрсетіңіз.
А) рухани В) қоғам С) шығыс Д) бағыт Е) әділ
14. «У» дыбысының дауыссыз дыбысты таңбалап тұрғанын көрсетіңіз.
А) бару, келу В) сурет, жуан С) сулы, сұлу Д) тау, дау, сау Е) су, шу, қу
15. Қатаң дауыссызды көрсетіңіз.
А) д В) в С) қ Д) у Е) р
16. Үнді дауыссыздан басталатын сөзді көрсетіңіз.
А) Емен. В) Зерек. С) Намыс. Д) Теңге. Е) Дастан.
17. Ұяң дауыссыз дыбысты көрсетіңіз.
А) й В) б С) қ Д) м Е) п
18. Қ - әріпі жазылатын сөзді көрсетіңіз.
А) ө...іл В) үзді...сіз С) уа...ыт Д) ше...ара Е) іс...ер
19. Ұяң дауыссыз дыбыстардан қазақ тіліне тән дыбыстарды көрсетіңіз.
А) қ, т В) б, д С) з, ж Д) ғ, һ Е) д, ж
20. Қатаң дауыссыздан басталатын сөзді көрсетіңіз.
А) күрес В) үміт С) орман Д) байлық Е) ғарыш
21. Мына дыбыстардың қайсысы ұяң дауыссыз дыбысқа жататынын көрсетіңіз.
А) қ ,к В) б, в С) й, л Д) р, у Е) ч, ш
22. «Баяндама» сөзіндегі әріп пен дыбыс санын анықтаңыз.
А)9 әріп, 8 дыбыс. В)8 әріп, 9 дыбыс. С)8 әріп, 8 дыбыс. Д)9 әріп, 9 дыбыс. Е)8 әріп, 7 дыбыс.
23. Тек үнді дауыссыз дыбыстары бар сөзді табыңыз.
А) Сапар. В) Айман. С) Алпыс. Д) Азат. Е) Аймақ.
24. Қатаңға басталып, қатаңға аяқталған сөзді белгілеңіз.
А) Орман. В) Жолбарыс. С) Тауық. Д) Торғай. Е) Арыстан.
25. Ұяң дауыссыздан басталған қосымшаны табыңыз.
А) Қаламның. В) Мерекеге. С) Тойлар. Д) Достың. Е) Есіктер.