Сүхбатты интонация, кідіріс, логикалық екпінді дұрыс қойып оқыңдар. Жіктік жал- ғауларын табыңдар.
Бибігүл апай, қанша жасыңыздан əн айта бастадыңыз?
Кішкентай кезімнен-ақ ән айтатынмын. Анам: «Сен сөйлей алмай-
тынсың, бірақ әнді айта беретінсің», - дейтін. Үстелдің астына кіріп алып, жел-
дің уіліне салып әндетсем, анам: «Сен кімнің басына уілдеп отырсың?» деп,
отырған жерімнен суырып алады екен. Мен болсам астына қайта кіріп, уіл-
дейді екенмін. Әкем анама: «Әй, Майна! Осы қызым әнші болады. Көресің»,
дейді екен.
- Сіздің сүйікті әншіңіз кім еді?
Біздің заманымызда Күләштің алдына түсетін ешкім болмады. Жамал
Омарованың даусына қызығатынмын. Шабал Бейсекованың үніндей әдемі үнді
ешкімнен естімедім. Оның Джульеттаны, Байғали Досымжановтың Ромеоны
ойнағандағы дауыстары әлі күнге дейін құлағымда.