Сұхбат беруші өз ойын жеткізу үшін айтылу мақсаты мен құрылысына қарай қандай сөйлем түрлерін көбірек қолданған? Мәтінді оқып, сұраққа жауап бер.
ӨНЕРТАПҚЫШ КӘСІПКЕРЛЕР ҚАР ТАЗАЛАЙТЫН ҚҰРАЛ ОЙЛАП ТАПТЫ
Тұрмысқа қажет шағын инновациялық құралдар еңбек өніміділігін арттырады.
Инновациялық технологиялар мен стартап жобалар мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр. Аталған саладағы тың әзірлемелерге қайтарымсыз гранттар да қарастырылған. Идеясы бар жастар мен өнертапқыштарды қолдау шаралары қолға алынып отыр. Бүгінгі сұхбатымыздың кейіпкері – «Bumsistems» конструктор бюросының бас директоры Мәдина Жәнібек. Компания өнертапқыштары адамның күнделікті кәдесіне жарайтын құралдарды ойлап тапқан.
– Мәдина ханым, компанияңыздың мамандануы жайында айтып кетсеңіз.
– «Bumsistems» идеялар генераторы, бағытымыз – инновациялық технологияларды әзірлеу. Компаниямыз – зияткерлік конструкторлық бюро, инновациялық бағытта бұрыннан қызмет етеді.
– Жобалар қай салада сұранысқа ие? Соңғы өнертабыс түрі қандай?
– Ойлап тапқан құралдарымыз халық кәдесіне жарайтын, күнделікті тұрмыста қажетті заттар. Соңғы үш инновациялық жобаны атап өтсем болады. Біріншісі – ұшатын аппараттардың апаттық жағдайда қонуы бойынша инновациялық патент. Екіншісі атпен жүруде қауіпсіздікті сақтайтын құрылғы патенті. Үшінші халыққа маңызды жоба – аула, тротуар, жолдарды қар мен мүздан тазалауға арналған портативті құралдар.
– Бұл өнімнің ерекшелігі неде?
– Басты ерекшелігі – біз қоршаған ортаға зиян келтіретін заттарды қолданбаймыз. Жоба барысында жасыл технологиялармен нанотехнологиялар пайдаланылды.
– Халық қашан тұтына алады? Жаппай сатылымға қашан шығады?
– Құрылғы барлық зертханалық сынақтардан өтті. Нәтижелер өте жақсы. Қазіргі таңда жекелеген бөлшектерді жасау мақсатында отандық зауытпен келісім-шарт жасалды. Алғашқы 100 даналық партия қараша айында шығады. Қыс айларында жоғары сұраныс болады деп күтілуде.
– Бағасы қанша болады, шағын ұйымның қалтасы көтере ме?
– Аппараттың өзіндік құны: 340-350 мың теңге. Біз бағаға зияткерлік меншік пен қосымша шығындарды салып отырған жоқпыз.
– Технологиялар жайын айтсақ, елімізде мұндай ғылыми жаңалықтар аз. Заманауи ғылымға қандай баға бересіз?
– Отандық білім мен ғылым кеңістігінде жоғары математика, кибернетика институттарын құру қажет. Ел экономикасының дауына техникалық мамандар керек. Қазір екінің бірі заңгер мен экономист, ал нағыз технологияны меңгерген инноваторларды саусақпен санауға болады. Ал менің мамандығым – педагог.
– Компанияның жақын арадағы жоспары қандай?
– Қазір қалаларды пластик шөлмектерден тазартушы құралды әзірлеп жатырмыз. Қоқыстан құтылу әлемдік проблема. Әзірге ірі технологияларға бармай, халыққа қажетті шағын аппаратарды қолға алып отырмыз, құралдардың сыртына «Qazaqstanda zhasalgan» деп жазылады.
– Сұхбатыңызға рахмет!
Хабарлы, жай
Лепті, құрмалас
Хабарлы, лепті, жай


Сұхбат беруші өз ойын жеткізу үшін айтылу мақсаты мен құрылысына қарай қандай сөйлем түрлерін көбіре

HwaSa77816 HwaSa77816    2   23.10.2020 13:36    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi