Ұрпақтар атынан алғыс деген тақырыпта Ұлы отан соғысы ардагерлеріне арнап ойтолғау жаз? ​

uhsdjhsilhiilch uhsdjhsilhiilch    1   27.04.2020 08:04    7

Ответы
sanydrr1 sanydrr1  13.10.2020 22:17

Сәлеметсіз бе, Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагері. Сұрапыл соғыстың аяқталғанына 9 мамыр күні 70 жыл толады. Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Отан алдындағы, келешек ұрпақ алдында жасаған ерлігіңізді, батылдығыңызды ақ жүректен жарылып шыққан шынайы, таза, ақжарқын алғыс сөздермен қалай жеткізсем деп ойлаймын.

Қанша алғыс айтсақ та, көп болмас еді. Біз әрқашанда сіздің ерлік, батырлығыңызды, неміс фашистерімен бетпе-бет келіп, тайсалмай шайқасқан күндеріңізді мақтан етеміз. Ол күндерді жадымызда сақтап, сізге бас иеміз. Осындай бейбіт өмір, тыныштық, молшылық, бізге сыйлаған бақытты балалық шақ, тек қана сіз және майдандастарыңыздың арқасында келген жеңіс. «Жеңіс! Жеңіс! Жеңіс!» - деп, ашық аспан астында қуанышымды айқайлап айтқым келеді. Ұлы Отан соғысына қатысқан Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Төлеген Тоқтаров, Нүркен Әбдіров.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi