Әркімге өзінің туған жері – жерұйық. Біреу ауылда, ал біреу қалада дүниеге келеді. Сонда да ауылдың тыныс-тіршілігі басқаша. Ж.Әбдірашев: «Ауыл – қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі. Ұлтымыздың салт-дәстүрі сол ауылдан басталады. Халық мақтанышына айналған әйгілі тұлғаларының бәрі де сол ауылдан шыққан. Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт, ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза ауа, дала тып-тыныш болады.
Қала өмірі тынымсыз тірліктен, қарбаластан тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ тұндырады, бітпейтін кептеліс. Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар, бірақ көбіне өзімшіл болып келеді.
Оқылым тапсырмалары
1. Мәтін бойынша 5 тірек сөз бен сөз тіркестерін жазыңыз. [2]
2. Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.

Тұжырым
Шын
Жалған

А
Ауылда ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып сақталмаған.

В
Қалада халық көп, көшелері у да шу.

С
Ауылдың ауасы таза, даласы тып-тыныш болады.

[1]
3. Сұраққа толық жауап беріңіз. Ауыл адамдары қандай?



[1]
4. Мәтіннен сын есімдерді теріп жаз. Олардың мағыналық түрлерін ажырат. [3]
Сын есімдер:
Сапалық сын есімдер:
Қатыстық сын есімдер:

Allagivorgizova1392 Allagivorgizova1392    2   29.10.2020 10:59    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi

Популярные вопросы