Рет Әңгіме бөлігі
Сәйкес
сурет
саны
1
Орындық қасында тұрған Манаптың тұла бойы дір
етті. Көзін мұнар алды. Алға қарай емпеңдеп жөней
бергені есінде. «Қалқам-ай! Қанатым-ай!»
деген
сыбыр құлағында көшіп жүр. Есік сарт жабылғанда
барып есін жиды. Биік баспалдақ бос екен.
2
- О! - Қали атып тұрды. - Отырып қалыппын. Уақыт-
тан ұтылсам, жарыстан ұтылғаным. Бес жарымда
жаттығу бітеді. Тым болмаса, қалғанына қатыса-
йын. Жаз бойы салмақ қосып, бұлшық етім босап
кетіпті. Қош бол... - дей берді де, тілін тістеді.
3
Жалқы жапырақтан көзін алмай:
Бұрнағы жылы көкемнің басына тас жинап, қор-
ған көтердім. Саман кірпішін өз қолыммен құйдым.
Көрші ауданнан екі атадан қосылатын туыстар
табылған, олар да аянбады. - Сәл бөгеліп, сөзін
жалғады.
4.
Манап демін жұтып, ақырын күрсінді. Еңкейіп,
жерде тігінен тұрған дипломатын іліп алды да,
алдына өңгеріп салып, аузын сырт ашты. Жаздық
жеңіл костюмнің қаттауын жазып, бірер сілкіді де,
орындық үстіне жалпағынан салды, саусағының
ұшымен Қалиға сырғытты.
Биыл күрылыс отрядына барып ем... Табыс тәуір
болды. Қырық алтыншы... Дәл шығар.
5
- Үқыш... Әскери ұшқыш боламын. Балалар үйінен
түлеген ұшқыш ағалар баршылық.
Манап мырс етті. Аға деген сөз көп күттіріп барып,
аузынан ақыр соңында шықты-ау. Өз ойымен өзі
еуре Кали оны елемеді.
Әнеугүні соның бірі келіп кетті. Клубта кездесу
өткіздік, Сидоров Александр Павлович. Ордені бар.
Полковник.​

Дарина15746 Дарина15746    3   17.03.2021 06:19    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi