Реферат на казахском языке про оразу

nastunya22 nastunya22    2   31.08.2019 20:10    0

Ответы
qwertyroom qwertyroom  06.10.2020 08:21
Ораза уақыты – екінші шапақтан басталып, күннің батуына дейінгі уақыт. Кейбір фақиһтер бойынша, сақтық үшін алғашқы шапақта ішіп-жеуді тоқтатқан жақсы. Кімде-кім шапақ жайында күмәнданса, сәресіні тоқтатқан абзал. Бірақ кімде-кім тоқтатпай ішіп-жеп, кейіннен уақыты шығып кеткенін білсе, оразасын қаза етуі керек. Рамазан айы – ашық аспанда жаңа туған айды көрумен немесе бұлтты күнде Шағбан айын отыз күнге толтыру арқылы білінеді. Құранда Аллаһ: «Кімде-кім ораза айында болса, ораза ұстасын». Пайғамбарымыз : «Жаңа туған айды көрген кезде ораза ұстаңдар, екінші жаңа туған айды көрген кезде оразаларыңды тоқтатыңдар. Егер аспан бұлтты болса, Шағбан айын отызға толықтырыңдар», – деген. Басқа бір хадисінде«Ай жиырма тоғыз күн. Жаңа туған айды көрмейінше, ораза ұстамаңдар. Егер аспан бұлтты болса, Шағбан айын отызға толықтырыңдар», – дейді.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi