РЕБЯТ Внимательно прочтите текст и выполните указанные ниже задачи.ФОТО приклеплено
Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен. - Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім, - деп зарлауын қоймапты. Бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді. - Саған не болды сонша жылап? Сен нағыз бай адам емессің бе? – дейді. - Мен баймын ба? – деп жігіт таң қалады. – Ол қандай байлық? - Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға сатар едің? – деп сұрайды қарт. - Оның не?! – деп шошып кетеді жігіт, - көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын. - Ал енді екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастар ма едің? - Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, - дейді жігіт. - Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен денсаулығы, — дейді қарт. – Оны ақшаға сатып ала алмайсың. Қарт осыны айтады да, жөніне кетеді.