Расскажите о значении ингредиентов которые въходят в состав "наурыз көже" на казахском

maks719 maks719    2   10.08.2019 14:50    0

Ответы
LollyPopsi LollyPopsi  04.10.2020 09:33
1. Су. Наурыз көженің ең негізгі компоненті су болып табылады. Бұл өмір – өзен. Келешек ұрпақ өрбіп, судай тасып, көбейе берсін деген мағынаны білдіреді. 2. Ет. Қазақтың сүйіп жейтін тағамдарының бірі осы – ет. Қазақ дастарханының сәнін келтіретін бұл ет ас мол болсын деген ырыммен қосылады. Әдетте “ұзынсарыға” сақталатын сүр ет пайдаланылады. 3. Арпа. Ежелгі шығыс емшілері арпаның емдік қасиеттері туралы көп айтады. Білетіндердің айтуынша, арпаны тағам ретінде жиі пайдаланатып адамдардың қаны бұзылмайды. Ирак тәуіптері арпаны “ғажап құтты дән” деп атайтын көрінеді. Арпаның емдік қасиетінен бөлек, тойымдылығы да бағаланады. 4. Дәнді дақылдар (тары, күріш). Наурыз көжеге, сонымен қатар, дәнді дақылдар да қосылады. Мұның негізінде бір тамырдан өсіп өнген дәндер секілді ұрпағымыз жайылып, көбейсін деген мағына жатыр. 5. Ақ. Қазақ ақты ежелден қасиетті деп есептеп, бағалаған. Сол себепті наурыз көжеге сүт немесе айран қосылады. Мұның негізінде сүттей ұйып отырайық, іргеміз берік болсын деген ниет жатыр. 6. Құрт. Құрт наурыз көженің дәмін келтіріп, сән береді. 7. Тұз. Наурыз көжеге дәм беретін тұз соңғы, жетінші тағам ретінде қосылады.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi